«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

whatsapp image 2020 03 03 at 09.11.52 Жаңалықтар

Atr.kz/3 наурыз, 2020 жыл. Директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беруі арқылы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға Алтынбеков Нұрлыбек Алтынбекұлы тағайындалды.

Білімі жоғары, әр жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан, сондай-ақ,  «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ сынды іргелі компаниялардың құрылымдарында түрлі басшылық қызметтер жасаған. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұрлыбек Алтынбековтің «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» жұмысын күшейтетініне сенім артатынын білдірді.

Сондай-ақ , облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, озық технологиялар әкеліп, инвестицияға мән беріп, өнеркәсіп саласындағы ауқымды жобалардың дамуына жаңаша серпін беру жұмыстары күтіп тұрғанын айтты.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-sal-auruyna-shaldy%d2%9b%d2%9ban-balasyn-emdetu-%d2%afshin-24-mln-te%d2%a3ge-zhym%d2%9byr%d2%93an-mektep-esepshisi-%d2%b1staldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз