Атырау қаласының көшелері кеңейтілмек (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 07 05 at 11.58.58 Жаңалықтар

Atr.kz/5 шілде, 2019 жыл. Атырау әкімі қаладағы үш көшені кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Атырауда Бейбарыс даңғылы, Құрманғазы мен Уәлиханов көшелерін кеңейту және қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің ақпараты бойынша жабылатын көшелер тізімі:

– 2019 жылдың 6 шілдесінен бастап Жастар көшесінен(«Көктем» базары),Луговой көшесіне («Мерей» базары) дейінгі Құрманғазы көшесі;

– 2019 жылдың 8 шілдесінен Абдірахманов көшесінен Исмағұлов көшесіне дейінгі Бейбарыс даңғылы;

WhatsApp Image 2019 07 05 at 11.58.57

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы қала көшелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының барысын тексеріп, бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

– Өткен жылы біз қаланың 11 орталық көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ірі жобаны іске асыруды бастадық. Егер 2018 жылы Баймұханов, Владимирский және Тайманов көшелері жаңартылып, кеңейтілген болса, биылғы жылы тағы 8 көшені жөндеу көзделіп отыр. Қазіргі таңда үш көшені жөндеу жұмыстары басталып кетті. Біздің басты мақсатымыз қалада кептеліс болдырмау, сондай-ақ, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау, дейді қала әкімі жол жөндеу жұмысшыларына.

WhatsApp Image 2019 07 05 at 11.59.02

Айта кетейік, биылғы жылы қалалық билік келесі көшелерді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, кеңейтуді жоспарлап отыр.

Олар:

Ғұмаров к. (0,528 шақырым), Құрманғазы к. (4,05 шақырым), Бейбарыс даңғылы (10,002 ш), Ғабдиев к. (1,234 ш), С. Датов к. (4,69 ш), Амандосов к.(2,925 ш), Уәлиханов к. (2,346), Гагарин к. (1,83).
Қалған жалпы ұзындығы 6,986 шақырым болатын Азаттық даңғылы (2,546 шақырым), Әуезов (2,84 шақырым), Маденов (1,6 шақырым) көшелерін қайта жаңғырту және кеңейту үшін ЖСҚ толығымен аяқталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоғарыда көрсетілген жолдардың құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылға жоспарланған.

WhatsApp Image 2019 07 05 at 11.59.18
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз