Атырау қаласының әкімі мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

whatsapp image 2019 12 11 at 09.08.19 1 Жаңалықтар

Atr.kz/11 желтоқсан, 2019 жыл. Әлимұхаммед  Құттымұратұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және мектеп оқушыларының қауіпсіздігі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қалалық ішкі істер департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бигамбаевтың мәлімдемесіне сәйкес, кәмелетке толмағандармен  2018 жылы  99 қылмыс тіркелсе,  2019 жылы 26 қылмыс тіркеліп, көрсеткіш 73,7 пайызға төмендеген.Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында  учаскелік полиция қызметкерлері  мектеп басшылығымен, ата-аналармен кездесулер өткізіп, бірқатар шаралар ұйымдастырған.

Мәселен, “Жасөспірім», “Түнгі қала”, “Демалыс”, “Қайыршы” сынды профилактикалық шаралар –  кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың азаюына ықпалын тигізуде. 

–  Сондай-ақ, жасөспірімдердің заң бұзушылықтарын азайту үшін, қала аралық тәртіптен бөлек, коммуналдық қызметтер тарапынан да  мәселелерді шешу қажет. Мысалы,   мектеп  айналасы бейнекамералармен толық жабдықталуы керек, білім беру ұйымдарының аумағында көше жарығы орнатылуы тиіс, балалар қараңғыда қараусыз қалмауы керек.  Қаладағы қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлеге кіргізбеуді қатаң қадағалап,  мектеп инспекторларының санын көбейту қажет, – деді Ерлан Бигамбаев.

whatsapp image 2019 12 11 at 09.08.19

Қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангерееваның айтуынша, қазіргі таңда Атырау қаласында 59 мектеп пен 46 балабақша бар.  Олардың барлығы мүмкіндігінше бейнекамералармен жабдықталған.

– Біз мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үщін лицензияланған күзет компаниясымен келісімшарт жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.  Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында  қаланың барлық мектептері мен балабақшаларына бірыңғай диспетчерлік бақылау орнату мәселесі қарастырылуда, – деді Фаруза Шангереева.

Жиын соңында Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы аталған  мәселелерді жуық арада шешуді тапсырды.

– Ең алдымен, мектеп инспекторларының санын көбейтіп, барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет, – деп қорытындылады Әлимұхаммед Құттымұратұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз