«Атырау» өз алаңында «Жетісуға» жол берді

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Премьер-Лиганың 30 туры аясында «Атырау» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады.

Ойын бастала салысымен-ақ алаң иелері басымдылық көрсетіп, допты өз иеліктерінде ұстады. Бірақ, алғашқы таймның 11 минутында «Жетісу» командасының 90 нөмірлі ойыншысы Тошев Мартин командаласының пасын қақпаға бағыттап, есепте алға шықты.

Ал алғашқы таймның орта белінде «Жетісу» сапының ойыншысы Руслан Степанюк «Атырау» командасының қорғанысын бұзып өтіп, өз командасына екінші голды алып берді.

Ойынның 40 минутында талдықорғандық команданың шабуылдаушысы Адамович Нинад алыс тоғыздықты көздеп, «Атырау» қақпасына жауапсыз үшінші голды салды.

Ал екінші таймда екі команда да бірдей дəрежеде ойын көсеткенімен, ойынның бірінші жартысындағы есеп сақталып, «Атырау» командасы өз алаңдарында 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

Дереккөз: atpress.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *