Атырау қаласының әкімі қазақша күрестен халықаралық турнирді ашты

img 20191005 wa0046 Жаңалықтар

Atr.kz/5 қазан, 2019 жыл.  Спорттық жарыс жыл сайынғы «Дарабоз – 2019» республикалық турнирі аясында өткізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраудағы «Қазақша күрес» турниріне қатысу үшін бес мемлекеттен Польша, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден барлығы 19 қатысушы келді. Жарысқа Қазақстанның әр аймағынан палуандар қатысады.

Еске салайық, бүгін Атырау өзінің 379 жылдығын атап өтуде. Қала күні аясында облыс орталығының түрлі орындарында бірқатар спорттық және мәдени шаралар жоспарланған.

19.00-де Исатай-Махамбет алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Іс-шаралар мерекелік салютпен аяқталады.

img 20191005 wa0047
img 20191005 wa0048
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз