Атырау қаласында – жаңа тағайындау

2019 07 09 66368588 849550388760779 8040679936370933760 o Жаңалықтар

Atr.kz/9 шілде, 2019 жыл. Атырау қалалық ветеринария бөлімінің басшысы болып Лұқпанов Сәден Сәкенұлы тағайындалды.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.С.Лұқпанов 1959 жылы туған. 1985 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, мал дәрігері мамандығын алған.

1995 жылдан бері – мемлекеттік қызметте. 2018 жылы Атырау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс жасаған.

Дереккөз: Atpress.kz

Сурет: Атырау қаласы әкімдігі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз