Атырауда жол апатына түскен автобус өртеніп кетті (+ВИДЕО)

5a8d42bbbe202 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін таңғы сағат 7.26-да Тайманов пен Әлиев көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды.

Нақтырақ айтқанда, ПАЗ және «Hyundai Sonata» маркалы авокөліктер бір-бірімен соқтығысқаны белгілі болды. Қатты соққыдан өрт тұтанып үлгерген. Куәгерлер оқиғаны бейнежазбаға түсіріп алған. Одан автобустың тұтастай жанып кеткенін көруге болады. Оның қоғамдық немесе жеке меншіктегі көлік екені әзірге нақты белгісіз. Онда жолаушылардың болған-болмағаны жөнінде де ақпарат жоқ. Әйтеуір, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/zherleuge-dajyndalyp-zhat%d2%9ban-%d3%99zhej-tirilip-ketti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз