«Атырауға» жазылуға асығыңыз, ағайын!

popoprrp "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. Жуырда белгілі кәсіпкер Төкен Танаұлының өңірдегі бизнес иелеріне арналған Үндеуін оқып, мен де қолдау білдіруді жөн көрдім.

Оның үстіне, биыл жылдағы межеден көбірек данаға жаздыруды ұйғардым. Аймақта жүзге тарта іскер әйел болса, солардың қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген отызына осы бастамаға қолдау танытуға шақырдым.

Нұрлы ӘЙТИЕВА,

Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы

***

Облыстық «Атырау» газетінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Біраз жылдардан бері кәсіпкерлікпен айналысамын.

Ел ағасы Төкен Танаұлының «Атырау» газетіне жазылу жөніндегі Үндеуін толығымен қолдаймын. Өзім де, ағайын-туыстарымның, әріптестерімнің облыстық «Атырау» газетін жаздырып алуына көмек беремін.

Шамар ЕСМУРЗИН,

кәсіпкер,

Исатай ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз