Машина жасаушылар марапатталды (ФОТО)

ANU 9499 Жаңалықтар

Машина жасау өнеркәсбі қызметкерлерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов кәсіби мерекелерімен құттықтап, озық еңбек үлгісін көсреткен бір топ белсенді азаматтарды марапаттады, алғыс хаттар ұсынды.

ANU_9499

Ол өз сөзінде бір ғана аймақтың ғана емес, күллі еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген машина жасаушы мамандар жаздың аптап ыстығында темірден түйін түйіп, қыстың қытымыр аязында аянбай еңбек ететінін, сондықтан олар қандай құрметке де лайық екендіктерін атап өтті.

ANU_9507

Осыдан кейін, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің алғыс хатымен «Доссормұнаймаш» мекемесінің механикалық құрастыру цехының темір жонушысы Асыл Таумұрынов, «Жігермұнайсервис» компаниясының механкиалық жөндеу цехының басшысы Серік Дүсіпов, «Ақ Жайық-7» мекемесінің биригадирі Мырзахмет Құлбатыров, «Атыраумұнаймаш» мекемесінің инеженер-технологі Нина Магдиева марапатталды.

ANU_9510

Тағы бір топ қызметкерлер өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың, облыстық мәслихаттың, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның алғыс хаттарын иеленді.

ANU_9564

Аталмыш салада Ишаевтар жанұясының үшінші ұрпағы еңбек етеді. Бүгінде «Атыраумұнаймаш» компаниясы бас директорының орынбасары Мақсот Ишаевты кезінде Петровский атындағы машина жасау зауытында ауысымды жұмыс атқарған анасы оны жұмыс уақытында өндірістік цехта дүниеге әкелген екен. Қазір екі ұлы да осы салада қызмет атқарады.

ANU_9577

Соңында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының бөлім басшысы Ақбөбек Шарғабаеваның жетекшілігімен отандық өнім өндірушілер мен олардың өнімін пайдаланушы кәсіпорындар арасында «В2В» яғни жүзбе-жүз кездесу алаңы ұйымдастырылды. Оның барысында өңірдегі ірі компаниялармен тікелей байланысқа шығып, өз өнімдерін ұсына алмай жүрген отандық тауар өндірушілерге жақсы мүмкіндік туды.

ANU_9615

ANU_9594

ANU_9624

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттер Әнуар Әбілғазиевтікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз