Атыраулықтар Денис Тенді еске алды

WSS8fueGUYU Жаңалықтар

Бүгін Атырау тұрғындары Мұз сарайы алдында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алу шарасын өткізді.

WSS8fueGUYU

Шараға жиналған қала тұрғындары мен спортшылар әріптестерін үнсіздікпен еске алды. Экраннан спортшы туралы дайындалған бейнероликті көріп, қошеметтерін жасады. Сондай-ақ, жиналған жұртшылық Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денистің туған-туысқандарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығын білдірді.

fMei4bmd1ds

«Бұл бүкіл Қазақстандық жұртшылығана ауыр қайғы. Енді Денис қайтып оралмайды, Бірақ, біздің жас мәнерлеп сырғанаушыларамыз сәуір айында Дениспен өткен шеберлік сағатын әрдайым еске алады», – деді дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Тулеуова.

Гүл шоқтарын қою рәсімі кешке дейін жалғасатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз