Атыраулық оқушылар Сарайшыққа саяхат жасады (ФОТО)

IMG 6434 Білім

Атырау қаласындағы Жұмыскер кентінде орналасқан И.Тайманов атындағы орта мектептің оқушылары жеті хан жерленген Сарайшыққа саяхат жасады.

IMG_6434

Сарайшық – Қазақ хандығының ең алғашқы астанасы. Қала Жайық өзенінің жағасында Атырау қаласынан елу шақырым қашықтықта орналасқан. Киелі өлкеге саяхат жасаған оқушылардың мақсаты – орта ғасырлық шаһарды көру, тарихымен танысу. Бұл мектеп ұжымының Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай ұйымдастырған алғашқы шарасы.

IMG_6433

«Хан ордалы Сарайшық» мұражай кешені қызметкерлерінің айтуынша, Сарайшықты көруге шет мемлекеттерден арнайы келетіндер көп.

IMG_6435

Оқушылар ата-баба ескерткішіне тағзым етіп, сырға толы Сарайшықтың аңыз әңгімелерін тыңдап, естелік фотосуретке түсті.

 Жанар СИДЕН

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз