Атыраулық 250 оқушы Астана мен Алматыда үш күн демалады

WhatsApp Image 2018 07 26 at 12.42.30 Жаңалықтар

Атыраулық 250 оқушы Астана мен Алматыда экскурсия жасайды. 25 шілдеде Атырау теміржол вокзалынан елордаға балалардың алғашқы тобы аттанды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-26 at 12.42.30

“Менің Отаным – Қазақстан” жобасы аясындағы үш күндік экскурсия Алматы мен Астанада өтеді. Сапарды ұйымдастырушы – Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Экскурсия аз қамтылған отбасы балаларына және облыстағы оқу үлгерімі жөнінен үздік оқушыларға арналған.

“Балалардың қауіпсіздігі үшін жетекші ұстаздар мен медицина мамандары бірге барады. Жалпы саны 250 оқушы шілде-тамыз айлары аралығында еліміздің ірі қалаларында жазғы демалысын өткізеді”, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының туризмді дамыту бөлімінің мамандары.

Атырау облысында оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Осы жылдың 16 маусымында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалыс орнына барып, екі апта демалып қайтқан болатын.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз