Атыраудан тұңғыш мұғалімдер съезіне қатысқандарды білеміз бе?

Тұңғыш мұғалімдер копия Білім

Суретте – сол кездегі Гурьевте тұңғыш рет 1958 жылы өткен мұғалімдер съезінің қатысушылары. Алдыңғы жағында есімі елге белгілі Қатира  Дүтбаева, Cара Мұсағалиева сынды атақты ұстаздар мен қоғам қайраткерлері тұр. Олардың қатарында сол кездегі жас маман, география пәнінің мұғалімі Балтабай Қабдолов та бар. Сол съездің делегаты, осы тарихи суретті редакциямызға жолдаған Балтабай Дарышұлының айтуынша, алғашқы педагогтар жиынында оқулықтарды жаңарту, жалпы білім беру саласын жоғары сатыға көтеруге қатысты ұсыныстар айтылған.

Тұңғыш мұғалімдер копия

Жылыой ауданындағы мектептен келген жас мұғалім Балтабай Қабдоловқа белгілі ұстаздармен бірге жиынға қатысып, солардың әңгімесін тыңдау үлкен тәжірибе болса керек. Аталмыш съезден кейін ол көптеген білім беру ұйымдарында жұмыс жасап, саланың үздігі ретінде өзін көрсете білген.

Ардагер ұстаз қазіргі білім беру үрдісі едәуір жақсарғанын айтады. Жаңа дәуір оқушылары – өте сауатты, білімді. Өйткені, ақпарат заманы баланың білімін өзінен-өзі жетілдіріп отыр.

– Өзімді ең мәртебелі мамандық – ұстаздық қызметті атқарғаным үшін бақытты санаймын. Еліміздің әр өңірінде жүздеген шәкіртім жүр. Ұстазға осыдан артық қандай бақыт керек? – дейді ардагер.

Нұргүл Ысмағұлова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз