Атырауда «Жыл меценаты-2017» шарасы өтті (ФОТО)

ЕАС 194 Жаңалықтар

Облыстық ішкі саясат басқармасының және «4-ші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жыл меценаты – 2017» шарасы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысты.

ЕАС 194

«Еліміз тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан астам уақыттан бері отандық экономиканың қозғаушы күші, локомотиві саналатын кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңейді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп қана қоймай, өндірілетін өнім көлемі көбейіп, көрсетілетін қызмет сапасы артты, сервистік қамту деңгейі көтерілді, табысы молайды. Соның арқасында халықтың әлеуеті нығайып, әлеуметтік жағдайы жақсарды. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау мен көмек жасалды. Енді сол  жасалған қамқорлыққа қайтарым ретінде кәсіпкерлердің өздері түрлі жобаларды қаржыландырып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға атсалысып, өңірдің өркендеуіне үлестерін қосуда. Бүгінгідей шараны өткізудегі мақсат – табысты әрі белсенді бизнес өкілдеріне игілікті істері үшін елдің атынан алғыс айтып, ризашылық білдіру, оларды халыққа таныту және марапаттау болып табылады»,-деді Әлібек Ибатоллаұлы.

ЕАС 116

Осыған орайластырылған салтанатты кеште осы азаматтарға лайықты құрмет көрсетілді. «Жыл меценаты-2017» төсбелгісі мен куәлігі тапсырылды. Мұндай марапатты алғашқы болып жеке кәсіпкер Мұрат Сарманов иеленді. Мәдениет саласының жанашыры ретінде танылып жүрген ол жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын баспадан шығаруға, шығармашылық кештерін ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен. Сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын ұйымдастырған.  Биылдан бастап Геолог ауылдық округінде тұратын екі отбасын тұрақты қамқорлығына алған.

ЕАС 349

Осы мазмұндас ізгілікті істерімен көрінген «Ахысқа» түріктер қоғамының Атырау облыстық филиалының төрағасы Абубакир Мурадов, Қазақстандағы «Барбанг» күрділер қауымдастығы аймақтық өкілдігінің жетекшісі Али Сейдов, «АқТілекӨрлеу» ЖШС-нің бас директоры, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Аманжол Қонысбаев, «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары, халық қалаулысы Әлібек Семғалиев, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Әбшеев, «Бекет» шаруа қожалығының (Исатай ауданы) басшысы Бауыржан Ғұбайдуллин, «Думан» жеке шаруашылығының (Индер ауданы) жетекшісі Базарғали Мұхамбетов, және басқаларына да «Жыл меценаты-2017» төсбелгісі мен куәлігі тапсырылды.

ЕАС 181

ЕАС 144

ЕАС 207

ЕАС 252

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз