Атырауда жаңа телеарнаның тұсауы кесілді

f55bb745 d75c 4c66 bb2b 6385ee5b073d Жаңалықтар

Мұнайлы шаһарда «Каспийньюс» телеарнасы іске қосылды. Оның тұсауын Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы жергілікті телевизия саласының ардагерлерімен бірге кесті.

f55bb745-d75c-4c66-bb2b-6385ee5b073d

Әзірге ол «Алма-тв» кабельдік жүйесінде өңір жаңалықтарын қамтуда. Кейін, Атырау қаласының төл мерекесіне жоспарланғандай, толық құрамда жұмысын бастамақ. Алдағы мақсат – келер жылы «Отау-тв» желісіне қосылып, республикалық арналардың тізіміне ену. Телеарнаның бас директоры Қазбек Кертаев сынақ режимінде хабар тарату басталып кеткенін айтады.

– Жарты сағат сайын эфирден қысқа көлемде жаңалықтар берілуде. Бұл көрерменнің оңай қабылдауына және әлеуметтік желіге тез жүктеуге өте ыңғайлы. Бүгінгі көрермен өте талғампаз және қажет ақпаратты «Фейсбук» секілді ғаламтор парақшаларынан алады. Біз соны ескердік. Мұнда қазір отызға жуық шатат белгіленген. Шығармашылық ұжымның денін жастар құрайды. Оларға телевизияның қыр-сырын үйрете алатын білікті мамандарымыз да бар, – дейд ол.

Ал, арнаның бас редакторы – Нұрберген Мақым, шеф-редакторы – Жанар Низамутдинова және бас режиссері – Эльдар Қатапов.

– «Каспийньюс» – ақпараттық-сараптамалық бағытта қызмет көрсететін аймақтық телеарна. Бүгінде толыққанды жаңалықтар мен жастарға бейімделген бағдарламалар беріліп жатыр. Алдағы уақытта мұнай-газ саласына қатысты өзекті мәселелерді қамту жоспарда бар. Атап айтқанда, өндіріс пен өнеркәсіп индустриясының қордаланған проблемалары, жедел сұхбаттар, зауыттар мен кен орындарынан тікелей репортаж, таныстырылымдық жобалар мен түрлі форматтағы көрсетілімдер де қамтылмақ. Ғаламтор желісінде арнайы сайт жұмыс жасамақ. Сол арқылы жаңалықтарды «онлайн» режимінде ұялы телефоннан көріп отыруға болады, – дейді Н.Мақым.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Ainaw

    Әрине Атырау қаласында осындай атаумен телеарна ашылғаны менің ойымша өте дұрыс.Өйткені Атырау қаласы мұнай-газ саласын дамытуда үлес қосып келе жатқан облысымыздың бірі.Еліміздің әр аймағында ақпараттық-сараптамалық бағытта қызмет көрсететін аймақтық арнайы телеарналар ашылса деген ұсыныс қаралса.