Атырауда қырғызстандық жігіт 39 жасар азаматты пышақтап тастады

1 19 Жаңалықтар

Атырауда қырғызстандық жігіт 39 жасар азаматты пышақтап тастады. Салдарынан, ауыр жарақат алған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

1

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қайғылы оқиға 19 қараша күні, сағат таңғы 05:30-да Атыраудағы Баймұханов көшесіндегі кафелердің бірінде болған.

Алдын-ала ақпарат бойынша, кафеде отырған 2 азамат бір-бірімен сөзге келіп, араларында жанжал туындаған екен. Содан, біріншісі екіншісіне пышақ жұмсаған.

Қаза тапқан азамат 1978 жылы туған, Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ал, пышаққа қол жүгірткен қылмыскер 1991 жылғы қырғызстандық азамат екені анықталды.

Қазіргі таңда адам өліміне қатысы бар жігіт ұсталып, қамауға алынған.

Қылмыстық Кодекстің 99-інші бабы, 2-інші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айдос Қарабала

Фото dpchas.com.ua сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз