Атыраудағы теннис кордында тұңғыш рет футболшылар теннисшілермен сынға түсті

IMG 5470 Жаңалықтар

Атыраудың Теннис орталығында қаланың үздік теннис шеберлері мен «Атырау» футбол клубының ойыншылары арасында «восьмерка-микст» атты шоу-турнир өтті. Бұл шара «спорт формуласы» жобасы аясында жүзеге асқан.

IMG_5470

Шоу-турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және жастарды спортқа баулу болып табылады. Атақты қазақстандық теннисші Ярослава Шведованың айтуынша, мұндай жарыс әлем бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Яғни, тәжірибеге жаңа енгізілген жобаның ерекшелігі – сегіз футболшы өңірдегі үздік теннисшілермен кордта сынға түседі. Әлбетте, футболшыларға жеңілдік те қарастырылған. Оларға бір рет футбол тәсілімен соғуға рұқсат беріледі.

IMG_5468

Сондай-ақ, шара кезінде журналистерге арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған Қазақстан Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, еліміздегі ең үздік әрі танымал теннисші Ярослава Шведова, «Атырау» футбол командасының капитаны Марат Хайруллин және жобаның бас жаттықтырушысы Вера Тихомирова-Брегвадзе қатысты.

Олар журналистердің көкейде жүрген сұрақтарына жауап беріп, алдағы мақсат-жоспарларымен бөлісті.

Амандық Сағынтайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз