Атыраудағы Астана күні

ANU 9017 Жаңалықтар
Астана күнін атыраулықтар да айрықша салтанатпен атап өтті. Орталық Исатай-Махамбет алаңына халық көп жиналды. 
ANU_9000 ANU_9017 ANU_9065 ANU_9131 ANU_9163

Арасында алыстан ат арытып келген шетелдік меймандар және көрші елдер мен аймақтардан келген қандастарымыз да бар. Өйтпегенде ше? Бұл тек Елордамыздың алғаш кірпіші қаланған күн ғана емес, Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер, ұлағатты бітімгер, күллі әлем мойындаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниеге келген күн ретінде де тарихтан ойып орын алған. Еңселі Елордамызға биыл 19 жыл толып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жергілікті өнерпаздармен қатар қазақ ән өнерінің жас қырандары «Заман» дуэті мен «Музарт» триосы әсем әндері мен тың туындыларын тарту етті. Төрт сағатқа созылған кештің соңы әдемі отшашуға ұласты.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз