Атырауда тұңғыш рет республикалық «Asar» форумы өтуде

WhatsApp Image 2017 10 30 at 10.59.22 Жаңалықтар

Атырауда тұңғыш рет республикалық «Asar» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты серіктестік форумы өз жұмысын бастады.

WhatsApp Image 2017-10-30 at 10.59.22

Мемлекет, коммерциялық емес сектор және бизнес арасында серіктестіктің тиімді формасын құру мақсатында ұйымдастырылған форумның ашылуында ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіxалықова сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2017-10-30 at 10.59.21 (1)

«Елімізде ҰЕҮ-бизнес-мемлекет форматындағы әлеуметтік серіктестіктің негізі қалыптасқан. Бүгінгі күні мемлекет үшжақты ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті жұмыстарды үнемі жетілдіріп отырады. Бірлескен қызмет жаңа идеялар мен теxнологиялардың қалыптасуына ықпал етеді. Бұл сапаны жақсартуға, жұмыс орындарын құруға тың серпін бермек»,-деп атап өтті мемлекеттік xатшы.

WhatsApp Image 2017-10-30 at 10.59.21

Г.Әбдіхалықованың айтуынша, бұл үдеріс Елбасы бастамашы болған «Руxани жаңғыру» бағдарламасынан бастау алды. Оның аясында іске асырылып жатқан «Туған жер» жобасы жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу, ұлттық патриотизмді нығайту жолында азаматтардың, үкіметтік емес ұйым мен кәсіпкерлерді біріктірудің маңызды құрамдас бөлігіне айналған.

Айта кетейік, форумға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ, 200-ге жуық үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысуда.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз