Атырауда тұрғын үй құрылысы мен ТКШ цифрландыру мәселелері талқыланды

Жаңалықтар Шаһар шырайы

16 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов аймақтағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру, ТКШ саласын цифрландыру мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.

WhatsApp Image 2018-11-16 at 15.51.43 (1)

Қазір өңірде тұрғын үй құрылысы саласында, тұрғын үй-коммуналдық секторды дамыту, «7-20-25» ипотекалық несие беру мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.

-Қазір Атырау облысында 44 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүруде, жыл соңына дейін 34 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деді Нұрлан Ноғаев. –Облыс орталығы маңынан ауданы 1,4 гектар жаңа ықшамаудан салу жоспарда бар. Болашақ құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау, қажет инфрақұрылым тарту жұмыстары жүруде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары қысқы маусымға толық дайын.

Халықты баспанамен қамту жұмыстары 2019 жылы да жалғасады. Алдағы жылы облыста 50 көпқабатты үй (4 мыңнан астам пәтер) салу жоспарланған. Сонымен қатар, коммерциялық 19 көпқабатты үй құрылысы жүруде, ол пәтерлер «7-20-25», «Нұрлы жер» мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар арқылы беріледі.

Аймақ басшысы Атыраудағы кәріз-тазарту қондырғысы құрылысының маңызына тоқталды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру, аталған жобаның артықшылықтары туралы халыққа түсінік беру жұмыстары өте маңызды, – деп атап өтті М.Жайымбетов.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының айтуынша, өңірде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары табысты іске асып жатыр. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. «7-20-25» бағдарламасы аясында оң көрсеткіштер бар.

Жиналыста «Е-Шаңырақ» электронды жүйесін құру бойынша жоба таныстырылымы өтті. Бұл жоба ТКШ саласының ашықтығын қамтамасыз етуге, тұрғын үй-құрылыс саласының барлық субъектілерін қамтуға мүмкіндік береді. Жоба арқылы тұрғындар интернет ресурстарды қолдана отырып, аударымдар мен төлемдердің дұрыстығын тексеріп, үй бойынша шығындар мен кірістерді бақылайды, ТКШ проблемалары туралы шағымдар қалдыра алады.

Сонымен қатар, жиналыста ТКШ нысандарын есепке алу жөніндегі ақпарат айтылды. Бұл жұмыстар тұрғындар мен тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарының миллиондаған қаражаттарын үнемдеулеріне мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *