Атырауда суретші Әбдірашит Сыдыхановтың жеке шығармашылық көрмесі өтуде (ФОТО)

ANU 5287 Жаңалықтар

Атыраудағы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде белгілі қылқалам шебері Әбдірашит Сыдыхановтың «Таусылмайтын әуен» атты жеке шығармашылық көрмесі өтуде. Ол 15 қазанға дейін жалғасады.

ANU_5287

Әбдірашит Аронұлы – 1937 жылы 12 тамызда Индер ауданының Кулагино ауылында дүниеге келді. 1965 жылы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген соң, кинофилмьдердің қоюшы-суретшісі болып еңбек етті. Бүгінде суреттері Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер, Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Шығыс халықтарының музейінде, Америка құрама штаттарының Зиммерли, Польшадағы Хута Катовице, Франция, Швейцария, Канада, Германия, Түркия, Израильдегі жеке мұражай қорларында сақтаулы.

ANU_5083

Көрменің ашылу салтанатында музей басшысы Төлеген Орынбасарұлы суретшінің қызы Зәуреш Әбдірашитқызын алғыс хатпен марапаттады. Белгілі сазгер Илья Жақанов та суретші туралы естеліктерімен бөлісті. Ал, еліміздің Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов құттықтау хатын жолдады.

ANU_5087

ANU_5117

ANU_5119

ANU_5123

ANU_5146

ANU_5129

ANU_5140

ANU_5174

ANU_5178

ANU_5228

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз