Атырауда соңғы 20 жылда бірде-бір балабақша салынбаған ауыл бар (ФОТО)

DSC 5621 Жаңалықтар

Соңғы жиырма жыл төңірегінде бірде-бір балабақша салынбаған Қосшағыл ауылында «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Игілік» бағдарламасы шеңберінде жаңа нысан есігін айқара ашты.

DSC_5621

Жалпы, мұнда бес мыңға жуық тұрғын болса, 300-ден аса бала кезекте тұр. Оның 160-тан астамы енді «Мейірім» балабақшасына бармақ. Құрылысы өткен жылы басталған нысан соңғы үлгіде салынған. Оның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімнің орынбасары Нұрадин Өмірбаев тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, сәттілік тіледі. Соңғы жылдары ауданда онның үстінде балабақша салынып, екі мыңдай бала қамтылды, 600-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды.

DSC_5616

Демеуші мекеменің үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Мария Қаражігітованың айтуынша, әлеуметтік бағдарлама бойынша 130-дай жоба іске асқан. Оның көбі осы ауданда.

DSC_5646

Жаңа балалар бақшасында елуге жуық тұрғын еңбек етеді. Солардың бірі, тәрбиеші Жанаргүл Рабаева алыстан көз тартатын екі қабатты сәулетті ғимарат барлық қажеттіліктермен қамтылғанын айтады. – Балалар жеті топта білім мен тәлім-тәрбие алады. Арнайы ән мен саз бөлмесі де бар, – дейді ол.

DSC_5654

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз