Атырауда шоқыну мерекесі кезінде суға шомылу үшін 3 орын белгіленді

WhatsApp Image 2018 01 16 at 09.45.33 e1516098670914 Жаңалықтар

16 қаңтар. 18-19 қаңтар аралығында тұрғындардың жаппай шомылуы кезінде құтқарушы-сүңгуірлер, медицина және ішкі істер қызметкерлері кезекшілік етеді,-деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-01-16 at 09.45.33

Бұл туралы Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы және облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен болған баспасөз жиынында мәлім болды. Спикерлердің айтуынша, белгіленген орындарда арнайы шомылатын ойықтар ойылатын болады. Жыл сайын өтетін  арнайы орын «Урал» мейрамxанасы жанынан белгіленді, екі арнайы емес шомылу орны Тұрғындар қалашығы ықшамауданы мен Мечников көшелерінде орналасқан.

WhatsApp Image 2018-01-16 at 09.45.28

WhatsApp Image 2018-01-16 at 09.45.27

«Атыраулықтарға өзендегі тек арнайы дайындалған, құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін орындарда шомылуларын сұраймыз. Төтенше жағдай орын алған кезде арнайы байланыс нөміріне xабарласыңыздар (ұялы телефоннан-112). Атырау облыстық ТЖД байланыс нөмірі: 45-00-00 және қалалық құтқару бекетінің нөмірі 27-14-00»,-деп мәлімдеді Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының басшысы Ершат Кибашев.

WhatsApp Image 2018-01-16 at 09.45.34

Айта кетейік, өткен жолы шоқыну мейрамында 6 мыңға жуық атыраулық өзенге шомылған болатын.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз