Атырауда салмағы 363 келі балық тәркіленді (видео)

ryiba chastik vobla tarashki 3 Жаңалықтар

Түркістан қаласы мен Өзбекстан азаматтары заңсыз жолмен балық тасымалдау кезінде қолға түсті. 

ryiba-chastik-(vobla-tarashki)-3

Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың хабарлауынша, салмағы 363 келі болатын ақ қайраң балығын тиеген көлік Атырау қаласының Контейнерная аумағында10 тамызда ұсталған.

Рульде болған жүргізуші Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының 1990 жылғы тумасы болып шықты. Өзін балық иесімін деп таныстырған келіншек Өзбекстан Республикасының азаматы. «Балықтарды жағалаудан шашылып жатқан  жерінен тауып алдым.  Текке шіріп кетеді ғой деп, өзіммен бірге алып келе жатырмын» деп ақталған ол бұған дейін де балықты кептіріп сатып, табыс тауып отырғанын айтты.

Анау-мынау емес,  салмағы 363 келі болатын балықты нақты қай жерден «жинап» алғанын айтудан бас тартқан екеудің ісі қазір құқық қорғау органдарына берілді. Бір қызығы, жедел түсірілім кезіндегі бейнежазбада балықтың ұзақ жатып қалған емес, жаңадан ауланғандығы көрініп тұр. Мұны тексеру жүргізген инспекторлар растап отыр.

Балық ресурсына келтірілген шығын 617 мың теңгені құрады.Сот шешімі шыққанға дейін тәркіленген  балық «Надежда» ЖШС базасында сақталмақ.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз