Атырауда құрылыс саласының үздіктері анықталды

WhatsApp Image 2018 08 01 at 16.24.10 1 Жаңалықтар

Атырауда құрылыс саласының үздіктері анықталды. Құрылысшылар күніне орай ұйымдастырылған байқауға 20-ға жуық құрылыс саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-01 at 16.24.10 (1)

Құрылысшылар күні мерекесіне орай Самал ықшам ауданында салынып жатқан өрт сөндіру депосының құрылысында құрылыс мамандары арасында байқау өтті. Байқаудың басты мақсаты – өңіріміздегі құрылыс мамандарының кәсіби деңгейін жоғарылату мен жастарды құрылысшы мамандығына тарту.

Облыстық құрылыс басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайыста Темірлан Сапар «Үздік сылақшы», Болатбай Есқайыров «Үздік қалаушы» және Бақытжан Сабыров «Үздік дәнекерлеуші» атанды.

Мамыр айында Қызылорда қаласында құрылысшылар арасында өткен жарыста, Атырау облысының тас қалаушылары бірінші орынды иеленген болатын. Сол бастаманың жалғасы ретінде бүгін өңірімізде өтті. Байқаудан жеңімпаз болған қатысушыларымызға жүлделі орындарымыз бар. Сонымен қатар, алдағы күндері құрылыс мамандары арасында спорттық сайыстар болады, – дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінің басшысы Сақпаров Нұрлыбек.

Айта кетейік, біздің елімізде құрылысшылар күні жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз