Атырауда Құрбан айтта құрбандық шалатын жерлер анықталды

Kurban Ayt 2017 sentyabr 1 Жаңалықтар

21-23 тамыз күндері бүкіл мұсылман әлемі Құрбан айт мерекесін қарсы алады. Сондықтан қалалық ветеринария бөлімі мал союға арналған 4 аумақты анықтады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Курбан-Айт-2017-сентябрь-1

Тұрғындарға ЖК «Умарова»,ШҚ «Асыл-Агро»,ЖШС «Адал» және ЖШС «Тума» мал сою цехтарында құрбандық шалуға рұқсат етіледі. Сол күндері ветеринария бөлімінің мамандары кезектесіп кезекшілік жүргізетін болады, – дейді қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Нұролла Сатенов.

Айта кетейік, «Иманғали» орталық мешітінің аумағында құрбандық шалуға болмайды.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз