Атырауда пара алған аудитор сотталды

1459231878 state employee Жаңалықтар

Атырау облыстық мемлекеттік ішкі аудит департаментінің аудиторы Есіркеп Қазбеков пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы редакциямызға Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

1459231878_state-employee

– Аудитор Есіркеп Қазбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Атырау облыстық департаменті қызметкерлерімен 150 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Ол параны Исатай аудандық әкімдігінің лауазымды қызметкерінен өзі сол әкімдікте жүргізіп жатқан тексеру қорытындысын оң нәтижелі етіп көрсетуі үшін алған. Исатай аудандық сотының үкімімен Е.Қазбековке 2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айрылды. Оның заңсыз түрде алған барлық дүние-мүліктері тәркіленетін болды, – делінген Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі таратқан ақпартта.

Ал, пара берген Исатай аудандық әкімдігінің лауазымды қызметкеріне қарсы тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әкімдіктегілердің қандай заң бұзушылықтары үшін пара бергені де тергеу барысында анықталмақ.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз