Атырауда облыстық пәндік олимпиада басталды

IMG 7067 Білім

Атырауда мектеп оқушыларының облыстық пәндік олимпиадасы басталды. Білім байқауының ашылу салтанаты бүгін Махамбет атындағы қазақ драма театрында өтуде.

IMG_7067IMG_7068

Білім беру басқармасының мәліметі бойынша, сайысқа аймақтың әр түкпірінен 700-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысуда.

IMG_7071

IMG_7069

Екі күнге созылатын олимпиадаға қатысушылар барлығы 15 пәннен бақтарын сынамақ. Оқушылардың жұмысын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары сараптайды.

IMG_7072

IMG_7070

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз