Облыстық білім беру басқармасының басшысы болып Кенжеғалиев Қайырғали Рысқалиұлы тағайындалды. Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа басшыны жергілікті активке таныстырды.
44 жастағы Қайырғали Кенжеғалиев – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын облыс орталығындағы №23 орта мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аталған оқу ордасына, №11 орта мектепке басшылық етіпті. Атырау қалалық білім бөліміндегі, облыстық басқармадағы әдістемелік кабинеттерге жетекшілік еткен. Тәжірибелі маманның соңғы қызметі – білім беру басқармасы басшысының орынбасары.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыстың «бас ұстазын» жаңа қызметімен құттықтап, нақты тапсырмалар берді.
Азамат БАЗАРБАЕВ