Атырауда облыстық «Ақ бидай» ойындары басталды (ФОТО)

x NWNNQsPwo Жаңалықтар

Бүгін облыстық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Онда облыстың жеті ауданынан келген спортшылар өзара бақ сынасады.

x-NWNNQsPwo

Спорттық доданы Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев ашты.

dap7Hgt3XGY

– Қадірменді спортшылар мен ардагерлер! Баршаңызды бүгінгі облыстық «Ақ бидай» спорттық ойындарының ашылуымен аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Облысымызда спортты дамытуда үлкен кешенді шаралар қолға алынып жатыр. Осы алаңда мемлекеттік қызметкерлердің үлкен додасы өтсе, арасына екі ай салып облыстық «Ақ бидай» ойындары басталып жатыр. Осы бағыттағы елді-мекендердегі спортты дамытудағы кіші аяқ добы алаңы мен спорт кешендерін салу жүзеге асыру жұмыстары жүруде. Тұрғындарға спортпен күнделікті айналысуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан, баршаңызды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырамын, – деді ол.

e7OqWwP-eR8

Шара барысында спорт күні кәсіби мерекесіне орай, спартакиаданың ашылу салтанаты аясында бірқаттар азаматтар марапатталды.

YS1M2dN2gLo

Аймақ басшысының орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен спорт ардагері, №1 олимпиадалық резервке мамандарылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері Бағытжан Рахбиевты, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен «Атырау барыстары» командасының жаттықтырушысы Анатолий Лысякті марапаттады. Ал, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алғыс хатымен Исатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуаныш Ибрагимов пен Қызылқоға аудандық дене шынықтыру және спорт мектебінің басшысы Тұрар Әжіғалиевтер марапатталды.

Екі күнге созылатын жарыс барысында волейбол, шағын футбол, асық ату, кір тасы мен армрестлинг, тоғызқұмалақ, суда жүзу, жазғы президенттік көпсайыстан мықтылар анықталатын болады.

BrCTmIh8TIg

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз