Атырауда мал ауруларының алдын алу үшін 1 млн.-нан астам вакцина сатып алынады

WhatsApp Image 2018 01 09 at 10.22.17 Жаңалықтар

Үй жануарларын қауіпті аурулардан қорғау мақсатында жүргізілетін егу жұмыстары ақпан айынан басталады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-01-09 at 10.22.17

Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы облыста мал ауруларының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакцина сатып алу жоспарланып отыр.

WhatsApp Image 2018-01-09 at 10.22.18

Осы орайда, барлық үй жануарлары міндетті түрде вакцинацияланатын болады. Қауіпті аурулар тізбесіне – түйіндік дерматит, марқа, қарасан, құс аурулары және тағы да басқа қауіпті мал дерттері енгізілген.

WhatsApp Image 2018-01-09 at 10.22.12

«Қазіргі уақытта Атырау облысында үй жануарларының қауіпті аурулары туралы деректер жоқ. Биыл республикалық қаражат есебінен бөлінген вакциналарды егу жұмыстары ақпан айынан басталып жыл соңына дейін жүргізілетін болады. Келген вакциналар үй жануарларына бірден егіледі»,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Элеонора Даутбаева.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз