Атырауда көпірден секірмек болған қызды полицейлер құтқарып қалды

Screenshot 1 1 Жаңалықтар

Атырауда көпірден секірмек болған бойжеткенді полиция қызметкерлері құтқарды.

Screenshot_1

Оқиға болған күні Атырау қалалық ІІБ жедел басқару орталығының инспекторы Айсұлу Әбілқасова өзіне белгіленген аумақты тексеру кезінде, Жилгородок және Авангард ықшамаудандарын біріктіретін көпірден секіріп, өзіне қол жұмсағысы келген бойжеткенді байқап қалып, дереу жол патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлайды. Бірнеше минуттан соң «Батыс-18» экипажы оқиға орнына жеткен.

«Азамат Тілепқалиев пен Бекжан Мырзағалиев есімді полиция қызметкерлері қызды құтқарды. Бірақ, олар қызды қаншама құтқарғылары келсе де, бойжеткен өмірімен қош айтыспақ болған. Осының барлығын көріп, полиция қызметкерлеріне көмектесу үшін Сағынжан Ғизатуллин мен Амантай Ілиев есімді екі азамат көмектесуге келеді. Құтқарушының көмегімен жігіттердің біреуі көпірдің таянышына өтіп, қызды құтқарды»,– дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Мен жақсы жүземін. Сондықтан мен Жайыққа түсуден қорықпадым және көпірдің таянышына қиындықсыз өттім. Полиция қызметкерлерімен бірігіп жақсы жұмыс жасадық. Маған бірдеңе болса, олардың мені құтқарып үлгеретініне сенімді едім», – дейді Амантай Ілиев есімді құтқарушы.

Айта кетелік, Амантай Ілиев пен Сағынжан Ғизатуллин қызды құтқарған ерлігі үшін Атырау қалалық ішкі істер басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Екеуі де «Атырау-Ақпарат»ЖШС қызметкерлері екен. Оқиға күні болған күні кешкі ауысымдағы жұмыстарына бара жатқан көрінеді.

«Қазір осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 105-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Ал Атырау қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің жол полициясы батальонының инспекторлары Азамат Тілепқалиев пен Бекжан Мырзағалиевтер марапатқа ұсынылды», деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз