Атырауда биыл 13 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

20180724 110344 Жаңалықтар

Атырауда сегіз көп қатарлы тұрғын үйде терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары аяқталады. Тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу жұмыстарын тамыз айының басында аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

20180724_110344

Биыл терможаңғырту бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары 8 үйде, атап айтсақ, Авангард ықшам ауданында, Сәтпаев көшесі мен Вокзал маңы ықшамауданында басталды. Тамыз айының басында мердігерлер 8 үйді ПИК-не тапсырады. Қазір Авангард-2 ықшамауданындағы №15 көп қатарлы тұрғын үйде жөндеу жұмыстары бітті.

Мұнда жұмысшылар үйдің шатырын, электр сымдар жүйесін ауыстырып, подъездерді әктеді, домофон орнатты, ыстық, салқын су жүретін тұрбаларды жөндеді, жертөлені құрғатып, жөндеуден өткізді. Cондай-ақ, мердігер мекеме кәріз тұрбаларын ауыстырып, барлық подъездерге жылу есептегіш орнатты, енді тұрғындар жылуды үнемдейтін болады. Терможаңғырту бағдарламасы аясында үйдің алды толық боялып, балконның сыртқы жағына металпрофиль орнатылды, подъездердің терезелері ауыстырылды, – дейді
«Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС басшысының орынбасары Рүстем Қабдол.

20180724_105021

Сонымен қатар, қазір қайтарылған қаражат есебінен облыс орталығындағы тағы да 4 тұрғын үйді жөндеу жұмыстары басталды. Мұнда да барлық коммуникациялар жаңартылды.

Биыл жыл аяғына дейін 13 тұрғын үйге күрделі жөндеу жасауды жоспарлап отырмыз. Оның жетеуінде коммуникациялар жаңартылады, Б.Момышұлы көшесіндегі үш үйге, Сәтпаев көшесіндегі 52,54,56 үйлерге, барлығы алты үйге жаңа лифт орнатылады, – дейді Рүстем Қабдол.

Айта кетейік, биыл терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 430 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз