Атырауда белгілі меценат «Иманғали» мешітіне автокөлік сыйға тартты (ФОТО)

1 e1518089911704 Жаңалықтар

Елімізге белгілі меценат, кәсіпкер Төкен қажы Танаұлы Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітіне қызметтік көлікті сыйға тартты,-деп хабарлайды Muftyat.kz сайты.

Меценат 1

Қасиетті жұма күні орын алған игі істі мешіт жамағаты зор қуанышпен қабыл алды. Жамағатпен бірге оқылған жұма намазынан кейін Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлына салтанатты жағдайда табысталған қызметтік көлік енді мешіттің ішкі шаруашылықтарын реттеуге қызмет ететін болады.

Меценат 2

Меценат 3

Ел ағасы Төкен қажы Танаұлына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан Алғыс хат табыс етілді.

Меценат 4

«Ең үлкен құндылығымыз – тәуелсіздігімізбен бірге қайта түлеген ислам діні адамзатты ең алдымен қарапайымдылыққа және Отанға қызмет етуге үндейді. Төкен Танаұлы осынау аманатқа адалдық таныта білген құрметті меценаттардың бірі. Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «… Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның (жұмсағандарыңның) орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы» – делінген. Жақсылық жасау адамның амал дәптерін сауапқа толтырады»,-деп ризашылығын білдірді Атырау облысының бас имамы Батыржан Берденұлы.

Фото muftyat.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз