Атырауда балық өнеркәсібі басқармасы құрылады

WhatsApp Image 2018 05 29 at 09.51.54 Жаңалықтар

Атырауда балық өнеркәсібі басқармасы құрылады. Жаңа мемлекеттік орган балық саласын дамыту мәселелерімен айналысады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінің барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

WhatsApp Image 2018-05-29 at 09.51.55

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінгі күні құқық қорғау және қадағалау органдарының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында Атырау облысында заңсыз балық аулау және балық өнімінің айналымы түбімен жойылды деп сеніммен айтуға болады.

Жақын күндері біз балықты тек заңды әдіспен ғана аулауға қол жеткізетін боламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерлеріміз жоғары қосылған құнды өнім алу үшін балықты терең қайта өңдеуді енгізу бағытында жұмыстануда. Бізде балық аулаумен және қайта өңдеумен айналысатын 19 табиғат пайдаланушының 1-нің ғана еурокоды бар – бұл «Амангелді» ӨК, тағы бір ЖШС жақында еурокод алғалы отыр және балық өнімін шетелге экспорттай алады. Біздің кәсіпкерлерге қолдау көрсету, экспортталатын өнім санын ұлғайту жоспарымызда бар. Балық өнімін қайта өңдеу және өндіру процесі тікелей кәсіпорындардың өзімен жергілікті жерде жүргізілуі мүмкін. Содан кейін «Атырауда жасалған» деген маркасы бар дайын өнімді шетелдік нарыққа экспорттауға болады, – деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-05-29 at 09.51.55 (1)

Өңірде агроөнеркәсіптік кешен дамуының оң динамикасы байқалады. Қазір Атырау облысы өзін картоппен 40%, көкөніс, жеміс-жидек және бақша дақылдарымен 80 – 90% толық қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ,  Атырау облысында 8,5 мың гектар егістіктің 2,5 мың гектарында тамшылатып суару әдісі қолданылады. Өңір басшысының айтуынша, фермерлер топырақтың, негізінен сортаңды болып келетін ерекше құрамына, сондай-ақ өндірісте заманауи инновациялық технологияларды қолданатын фермерлерге берілетін инвестициялық субсидиялар алатындықтан жаңа технологияны қолданып көруге өздері қызығушылық білдіруде.

WhatsApp Image 2018-05-29 at 09.51.54

«Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Атырау облысында АӨК дамытудағы оң серпінді атап өтті және өңірде Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевтің қатысуымен бірлескен кеңейтілген отырыс өткізу мүмкіндігі туралы айтты.

Өңірді дамыту картасын бірлесіп жасайық, мұнда АӨК, соның ішінде балық өнеркәсібін, сүт өндірісін, мал шаруашылығын дамыту мәселелері көрсетілетін болады. Біз осы мәселелердің барлығын Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге жасақтаймыз, жұмыс жоспарын жасап, сол бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Бұл жерде ӘКК, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және жергілікті атқарушы органдар да жәрдемдесуі тиіс, – деп сөзін түйіндеді Тимур Құлыбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз