Атырауда аз қамтылған отбасыларға тегін нан таратылады!

img 20171103 wa0003 Жаңалықтар

Атыраулық тұрғындардың бірі тұрмыстық жағдайы төмен жандарға арнап тегін нан тарату акциясын қолға алды. Ол өзінің есімін жарияламауды сұрады.

img-20171103-wa0003

«Араларымызда бір ғана зейнетақыға күн көріп отырған зейнеткерлер, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар бар, солар үшін «рақымшылық жәшігін» жасақтап қойдым. Ол жерден әлеуметтік осал топ өкілдері өзіне керегін тегін алады. Әзірге онда тек нан мен макарон өнімдері ғана тұр. Қайырымды жандар болса, дүкеннен сатып алған заттарын сол жәшікке қалдыра алады. Меніңше, мыңдаған теңгеге азық-түлік сатып алып жатқанда, 65 теңге тұратын бір ғана нанды қалдыру әсте қиын емес» дейді ол.

img-20171103-wa0004

Айта кетейік, мұндай жәшік әзірге тек «Нұрсая» ықшамауданындағы дүкендердің бірінде орналасқан. Ендеше, сіз де өзіңізден артылған азық-түлікті «Нұрсая-2» ықшамауданы, 27-үй, «Назгүл» дүкеніне қалдыра аласыз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз