Атырауда ауа райына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілді

spetstehnika nepogoda noyabr 1 Жаңалықтар

Көктайғақ пен қар жаууына байланысты қала көшелерінде 28 арнайы техника жұмыс істеп жатыр

деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

спецтехника-непогода-ноябрь (1)

«Арнайыавтобаза» ЖШС ақпараты бойынша, бүгін облыс орталығындағы көшелерді қардан тазартуға 28 бірлік арнайы техника жұмылдырылған: 10 трактор-щетка, 10 бірлік және 5 құрама КАМаз.

– Тұз ерітіндісін себу үшін 13 техника қолданылудажол жұмыстарына 194 адам жұмылдырылды, – дейді «Арнайыавтобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтелеуов.

Айта кетейік, көктайғақтың алдын алу үшін «Арнайыавтобаза» ЖШС 150 тонна тұз, 460 текше метр құм дайындаған. Қысқы маусымда Атырауды 67 бірлік арнайы техника қардан тазартады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз