Атырауда қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған цеx іске қосылады

49342372 740971889618630 4183984529322541056 n Жаңалықтар

Цеx тәулігіне 100 тонна қоқыс шығарады, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

49342372_740971889618630_4183984529322541056_n  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі пластмассаны,қоқыс пен қоқыс қалдықтарының барлық түрлерін көмуге тыйым салған. Осыған байланысты, Атырау қоқыс полигонында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған цеxты орнату жоспарланып отыр. «Арнаулыавтобаза» ЖШС басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта инвесторға қажетті жабдықты сатып алуға қаражат бөлінді. Цеx ағымдағы жылдың екінші тоқсанында іске қосылады.

– Жаңа цех тәулігіне 100 тонна қоқыс шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа жобаның арқасында шамамен 70 адам жұмысқа орналасады», – деді «Арнаулыавтобаза»ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.

49791000_740971922951960_3167623545706512384_n

Қазіргі уақытта қалада пластикалық қалдықтарды жинауға арналған 300 контейнер орнатылған. Жыл ішінде оларды 500-ге дейін арттыру жоспарлануда.

– Бұдан басқа, ағымдағы жылдың наурыз айында азаматтарға ыңғайлы болу үшін пластик, қағаз және шыны қабылдау үшін 10 нүкте ашамыз. Қоқыс жинауға арналған контейнерлерге қосп барлық жерлерде де шыны тастайтын контейнерлер орнатылады. Осылайша, Атырау тұрғындары біртіндеп қоқысты бөлек жинауға көшеді», – деді Алмас Ізтілеуов.

Қалалық қоқыс полигонына тәулігіне 300 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Жиналған пластиктің бір бөлігі Ресейге қайта өңдеу үшін жіберіледі, бір бөлігі құрылыс материалдары өндірісінде қолданылады.

49410030_740971959618623_2118280936993849344_n

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз