Атырауда қарттар күні аталып өтті

WhatsApp Image 2018 10 02 at 09.12.39 Жаңалықтар

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қарияларға және мүгедектерге арналған қайырымдылық асы берілді.

WhatsApp Image 2018-10-02 at 09.12.39

Бүгінде өңірдегі Қарттар мен мүгедектер үйінде 103 адам тұрады. Оның 57-сі 1 және 2 топтағы мүгедек, қалған 46-сы мемлекет қамқорлығындағы қариялар,- деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Екінші жыл қатарынан біздің әлеуметтік мекемеде тұратын адамдардың саны бұрынғысынша қалып отыр. Қаламызда бей-жай қалдырмай, демеушілік көмек көрсетіп, қажет нәрселердің бәрін алып беретін тұрғындардың көптігіне қуаныштымын. Жергілікті билік те әрдайым сый-құрмет көрсетеді», – дейді Қарттар және мүгедектер үйінің директоры Қилымқас Күзембаева.

Бұл ретте, қарияларды мерекесімен құттықтауға Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы барды. Қала басшысы науқастарға, ескі тұрғындарға сыйлық ұсынды және халықаралық мерекеге орай ұйымдастырылған қайырымдылық түскі асқа қатысты.

«Қазақстанда әрқашан да қариялар құрметке ие. Сіздерді осы маңызды күнмен құттықтағым келеді. Зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін», – деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында 60 жастан асқан 50 мыңнан астам адам бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Ainaw

    жастарызмызға үлгі көрсетерлік…
    Атырау әкімдігіне рахмет