Атырауда арнайы автобус жолағы болады

маршрут 2 Жаңалықтар

Көлік жүргізушілері мен кондукторлардың халыққа қызмет көрсету мәдениетін көтеру үшін не істеу керек? Алдағы күндердің еншісіндегі «электронды билет» қаншалықты тиімді болмақ?

маршрут (2)

Біз осы және өзге де сауалдарды техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмажан Жаңбыровқа қойған едік. Оның пікірінше, алдымен, жолаушылар тасымалының жаңа тұжырымдамасын іске асыруға инвесторлар тарту қажет. Ал, жергілікті кәсіпкерлердің бұл саланы қаржыландыруға құлқы жоқ. Қаржы көзі табылғанға дейін жұмыс жасап тұрған маңызды қозғалыс бағытттарынан басқасын барынша оңтайландырып, арақашықтықты азайтқан жөн. Қала көшелеріне жаңадан сегіз бағыт қосылады. Оның жартысын экспресс-маршруттар құрамақ. Тағы бір жаңалық, қала маңындағы ықшамаудандардан және ауылдардан қатынайтын автобустарға шаһар ішіне кіруге тыйым салынбақ.

Тасымал сапасын жақсарту үшін Сәтпаев даңғылындағы «Өнерпаз» тұрмыстық үйінен орталық көпірге, Азаттық көшесінен Балықшы кентіне қарай жүретін автобустарға арнайы жолақ салынатын болады. Сондай-ақ, көліктер оңды-солды бұрыла бермес үшін кейбір бағдаршамдар алынып тасталады. Есесіне, тура бағыттағы жолдар салынады. Темір тұлпар тізгінінде отырған атыраулықтардың көбісі бір-біріне жол бермейтінін ескерсек, олардың өзара мәдениетін қалыптастыру үшін көп күш салу қажет, мұны уақыт көрсетеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз