Атырауда қалдықтан үй салуды ұсынды

1031692512 Жаңалықтар

Атыраулық кәсіпкер Әзілхан Байбатыров тұрмыстық қатты қалдықтан тұрғын үй салуды ұсынды.

1031692512

«Қайта өңделген қоқыстан түрлі материалдар жасап шығаруға болады. Солардың бірі – полистиролбетон блоктарынан тұрғызылатын пассивтік үйлер.

 Мұндай блоктардан салынатын пассивтік немесе энергиялық тиімді үйлер жылуды іште сақтап, оны сыртқа шығармайды. Осылайша жылуға кететін шығынды азайтуға болады. Беріктігі бойынша полистиролбетон кірпіштен жақсырақ, ол уландырмайды және өртке төзімді материалдар қатарында.

Сонымен қатар, қайта өңделген қоқыстан бекемдігімен ерекшеленетін плитка мен жабынқыш (черепица) жасауға болады», деді Әзілхан Байбатыров.

Атырау коммуналдық қызметтерінің мәліметінше, облыс орталығынан бір тәулікте қоқыс алаңына шамамен 236 тонна қоқыс жеткізіледі. Айына тұрмыстық қатты қалдық көлемі 7 мың тоннадан асады, жылына бұл көрсеткіш 85 мың тоннаны құрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз