Атырауда алдағы үш тәулікте күн қайта салқындауы мүмкін

pogoda e1517919714731 Жаңалықтар

Демалыс күндері аяздың және қардың әлсіреуіне себеп болған жылы циклон өтті. Енді оның орнына антициклон қайта оралып, кезекті суық әкеледі. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы хабарлайды.

Атырау погода

Алайда, температураның төмендеуі қысқа мерзімді болады. Егер республика бойынша өткен аптада ауа температурасы нормадан 15-22 градус төмен болса, алдағы үш тәулікте ол нормаға жуықтайды деп болжануда.

Батыс облыстарда ауа температурасы нормадан әдеттегідей 3-8 градусқа дейін жоғары болады.

Айқара Ғұмар

Фото fishki.net сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз