Қаланың орталық көшелері қайта жаңғырды

45265382 699269127122240 59572884317667328 o Жаңалықтар

Атырау қаласында алты ай бойы Баймұханов, Владимирский және Тайманов көшелерін қайта жаңғырту мен кеңейту жұмыстары жүргізілді.

45265382_699269127122240_59572884317667328_o

Жөнделген жолдың жалпы ұзындығы – 8416 метр. Оның ішінде Тайманов, Владимирский, Баймұханов көшелері бар. «Бұл автомобиль қозғалысының қарқынды өсуімен, көлік құралдары санының ұлғаюынан туындады. Үнемі көлік кептелісі болатын және қолайсыздықтар туындайтын көшелердегі қозғалысты жеңілдету үшін жолақтар ұлғайтылды» дейді Атырау қаласы əкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.

Атап айтқанда, Владимирский көшесі екі жолақтан төртке дейін ұлғайтылды. Баймұханов көшесіндегі жолдың кейбір учаскелерінде де солай. Кеңейтуден кейін көшенің ені 7 метрден 14 метрге дейін, кей жерлерде 16 метрге дейін өсті. Тайманов көшесі бойынша – 2, 3, 4 жолақты учаскелер. Сонымен қатар, алты жолақтан тұратын учаске тағы бар. Екі бағытқа үш жолақты жолдар салынды. Жол құрылысы кезінде жергілікті асфальтбетон зауытында өндірілген, өзінің төзімділігін көрсеткен қоспа пайдаланылған.

Жоба аясында бұрынғы дренаж науалары сақталып, жаңалары салынды. Жауын-шашын суы мен еріген судың ағып кетуі үшін жолдарды бойлай 20 текше метр жерасты сыйымдылығы, яғни, Баймұханов көшесінде төртеуі, Тайманов көшесінде екеуі орнатылған. Сондай-ақ, жөнделген көшелердің бойында жаңа тұрақ алаңдары пайда болды. Баймұхановта 155 орынды 12, Владимирскийде 109 орынды 18 , ал, Тайманов көшесі бойында 89 орынды 10 тұрақ салынды.

Жүргізушілерге қолайлы болуы үшін оң жақ бағытқа бұрылатын 11 жол салынды. Владимирский мен Құрманғазы көшесінің қиылысында 4, Владимирский-Ғұмаров қиылысында 4, Владимирский мен Сəтпаев қиылысында 1, Тайманов пен Сəтпаев қиылысында 1, Владимирский-Ерниязов қиылысында 1 өтпелі жол салынған. Сонымен қатар, жоба аясында жоғарыда аталған үш көшеде автомобиль жолдарын белгілеу жүргізіліп, 23 аялдама павильоны орнатылып, көше жарығы ауыстырылуда.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз