Атырауда Қадыр ақынның шығармашылығына арналған кеш өтті

mg6 yW28iTE Жаңалықтар

Бүгін Атырауда қазақтың ұлы ақыны деген құрметті атқа ие болған Мемлекеттік сыйлықтың және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының «Дала дидары» атты көшпелі өнер ұжымы Атырау қаласына келіп көрермен көзайымына айналды. Шара орталықтың «Қадыр жолымен…» жобасы аясында ұйымдастырылған. Кеште ақынның шығармашылығы шырқалды.

mg6_yW28iTE

Шара ақынның шығармашылығына арналған видео-роликтен басталды. Содан соң Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Ақжайық», Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Әже туралы ән», «Тамаша» секілді тағы да басқа әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келді.

“Шығармашылықта жүрген азаматтар заманынан оза туады дейді. Мойындамай, түсінбей, бірақ өмірден өткеннен кейін, сан жылдардан, ғасырлардан соң ғана жұрт оның не айтқысы келгенін түйсініп жатады. Бірақ Қадыр ағамыз өзін тірі кезінде мойындатқан жан, жазған дүниелері қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпайды”, – деді ол.

sTRMlZCLaHw

Облыс әкімі жобаны ұйымдастырушы орталық директоры Бауыржан Халиоллаға Қадыр ақынның шығармашылығын насихаттауда атқарып жүрген еңбегі үшін алғыс айтып, мұндай кештерді көптеп өткізу қажеттігін жеткізді.

Аталмыш кеш бүгін Махамбет ауданында да өтті. Шығармашылық ұжым ертең облыстағы Жылыой ауданына бет түземек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз