Атырауда «Адалдық дүкені» атты жаңа жоба жұртшылыққа жол тартты

АРМАНДАСТАР ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Жолдау Қоғам

Келешегіміздің кемел болуы қашан да – жастардың қолында. Осы орайда Елбасының биыл «Жастар жылы» деп жариялауының да мәні бөлек. Олай болса, жас буын өз дәуірінде жігерлі де, жалынды болуы үшін қандай қызмет атқаруы қажет? Қоғамдық өмірде болып жатқан мәселелер мен алға қойылған жоспарлар бізді де бейжай қалдырмақ емес.

«Адалдық дүкені»

Осы орайда Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Оқу орны студенттерге білім беріп қана қоймай, тәрбиеге баса ден қойып, рухани-адамгершілік ұғымдарды жете түсіндіруді мақсат тұтқан. Бұл ретте «Sanaly urpaq» жобасы аясында «Адалдық дүкені» құрылды. Жасөспірімдердің жаман қылықтан аулақ болып, тиісінше көптеген жақсы іс-әрекеттер арқылы сана-сезімін ояту, өзгенің ақысын жемеу, ұрлыққа жол бермеу, адалдыққа тәрбиелеу мақсатындағы жоба колледжде бірнеше рет ұйымдастырылып, көптің көңілінен шығуда.

Бұдан басқа, ұлағатты ұстаздардың бастауымен білім ордасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Әділ сессия», «Парасыз сессия» секілді жобалар өтті. «Тәрбие – тал бесіктен» деген қағиданы берік ұстанған білім ордасы өз ұясынан талай білімді де, білікті түлектерді ұшырды. Осынау ортадан анам алғаш қанатын қағып, ұстаздық жолға қадам басса, көпке үлгі болған атам да мәртебелі мұғалім болған еді. Міне, менің педагогика саласын таңдауымның бірден-бір себебі де осы. Колледжге оқуға келгенімде құшақ жая қарсы алған Құралай Ғибратжанқызы бүгінде екінші анамдай. Сондай-ақ, білім ордасының директоры Айжан Сәрсенқызына және  барша ұжымға алғыс білдіргім келеді. Білікті ұстаздардың тәлімі арқасында алғашқы сессияны үздік тапсырғаным мен үшін үлкен мерей. Адал ұрпақ тәрбиесіне баса мән берген осынау жаңа ортада мен көптеген жоспар құрып, мақсатымды айқындадым.

Надира СЫДУ,

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *