Атырауда 7800 бүлдіршін бірінші сыныпқа барады

photo 28984 Білім

Атырауда 2 қыркүйек күні 7800 бүлдіршін мектеп партасына отырады. Олардың жартысы құрылысы біткен үш жаңа мектепте оқиды.

photo_28984

– Ақжайық ауылында 120 адамдық М.Отаралиев атындағы мектеп пайдалануға берілді. 1 қыркүйекте Нұрсая ауданындағы 624 орындық жаңа мектептің ашылуы жоспарланған, осы шағынауданда 624 орынға арналған мамандандырылған техникалық гимназия жұмысын бастайды. Егер 2016-2017 оқу жылында оқулықтар мен оқу құралдарын алуға 494 млн 131 мың теңге жұмсалған болса, биыл 1 млрд 154 млн 131 мың теңге қаржы бөлінген, – деп хабарлады қалалық білім бөлімінің басшысы Света Аманшиева. Сонымен қатар, балаларға 9 жаңа автобус бөлінген. Бұдан былай №5, 6, 25, 32 – Еркінқала ОМ, Тасқала ауылындағы Т. Амандосов атындағы мектеп, Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы мектеп, Дамба ауылындағы Амангелді атындағы және Томарлы ауылындағы К.Смағұлова атындағы мектеп оқушылары білім ұясына қиындықсыз жете алады. Мектеп оқушыларына жол жүру әзірге тегін, сондай-ақ 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушыларға ыстық тамақ та тегін беріледі.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз