Атырауда 750-ден астам видеобақылау камерасы іске қосылды

722b9d34e1adc4cf64bc32cabbad69e9 Жаңалықтар

Атырауда 758 видеобақылау камерасы іске қосылды.

722b9d34e1adc4cf64bc32cabbad69e9

«Камералардың барлығы Атырау қаласы ІІД жедел басқару орталығына қосылған. Олар көшелерді ғана бақылап отырған жоқ, саябақтарға, бақтарға, қараңғы көшелерге, сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына да орнатылды»,-дейді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Ведомствоның хабарына қарағанда, облыс орталығындағы ең қызу 11 қиылысқа фототіркеуіштер қойылған. Олар автокөлік құралының жылдамдығын, жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағанын автоматты түрде анықтап отырады екен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз