«Атырау» волейболшылары чемпиондықтан үміткер

imgpreview Жаңалықтар

Соңғы жылдары Қазақстанның Ұлттық лигасында сәтті өнер көрсетіп жүрген «Атырау» волейболшылары Петропавл қаласында өткізген кезекті турдың барлық кездесулерін жеңіспен аяқтады.

imgpreview

Жерлестеріміз павлодарлықтарды 3:1, Өскеменнің «Алтайы» мен Алматының «Буревестник»  командаларын 3:0 ұтты. Жексенбі күні Жамбылдың «Таразымен» өткен ойын тартысты өрбіді. Атыраулықтар көп күш жұмсап, қарсыластарын бес партияда тізе бүктірді. Өткен маусымда Ұлттық лигада ел чемпионы атанған «Атырау» чемпиондық атақты сақтап қала ала ма? Әрине, бұған мүмкіндік бар. Қазір жерлестеріміз 13 ойыннан кейін өз еншілеріне 30 ұпай жазып, біріншіліктің көшін бастауда. «Атыраудан» кейінгі орындарда «Тараз» бен «Маңғыстау» командалары келеді. Олардың тиісінше бір және төрт ұпайы кем.

                                                                                  Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз