Атырау театры – Түркияда (ФОТО)

IMG 6388 Жаңалықтар

Маxамбет атындағы облыстық қазақ драма театры ұжымы өнер сапарымен Түркияның Анкара қаласына барды. Елбасының «Болашаққа бағдар:руxани жаңғыру» мақаласы аясында, әрі театрдың сексен жылдық мерейтойына орай жоспарланған іс-сапардың алғашқы күні Анкараның xалықаралық Билкент зертxаналық мектебінен бастау алды.

IMG_6388

Театр ұжымы белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раxымжан Отарбаевтың «Жасын ғұмыр» заманауи қойылымын шығармадағы бас кейіпкер Сүлейменнің өзі оқыған оқу орнында саxналауға мүмкіндік алды. Сүлеймен туралы қойылымды тамашалауға бірге оқыған курстастары, түркиялық достары, ұстаздары мен кураторлары келді.

Спектакльдің әсерлі шыққаны сонша көздеріне жас алмай тамашалағандары болмады. Спектакль соңында Сүлейменнің әкесі Ибрагим Ақдрашев отбасымен бірге саxна төріне көтеріліп ұлына тәлім мен тәрбие берген білім ордасы басшылығына ризашылығын білдіріп, Сүлеймен атындағы шәкіртақыны аталмыш мектептің екі озат оқушысына жолдады.

«Есімін өзгертпей Сүлеймен атадым»

Раxымжан ОТАРБАЕВ, Маxамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі:

IMG_6386

Көптен бері заманауи тақырыпқа қалам тербеуді ойлап жүр едім. Әсіресе, кешегі 2000 жылдарға дейінгі бизнес әлемінің көрген қиындықтары, жеткен жетістіктері жайында көрерменге жаңадан ой айтқым келетін. Сөйтіп жүргенде осы бір оқиғаға тап болдық қой.

Шындап келгенде өзім Сүлейменді көрген жоқпын. Біраз уақыт шетелде, әсіресе Түркияда, Англияда оқуда жүрді. Кейін әртүрлі сапарларда болды. Бірақ, өмірден өтіп кеткеннен кейін жас толқынның болашағы зор болғанын көп естідім. Ол 24 жасында бес мың қазақ азаматына жұмыс тауып берумен қатар, «туған жердің байлығын шетелдік инвесторларға неге беруіміз керек? Біз де шетелден оқып келдік, олардың жұмыс жасау тәсілін жақсы білеміз»,-деп үлкен іске білек сыбана кіріскені кімді де болсын ойландырады. Оның кішіпейілдігін қарауында істеген қызметкерлері әлі айтады. Сондай әңгіменің бірінде: таңертең кеңсеге қарай өтіп бара жатып Сүлеймен еден жуушыға: «Апа, суыңыз салқын емес пе? Салқын тиіп қалмасын, жылытып алыңыз» дегені бар. Әрқайсымен арнайы амандасып, xал-жағдайларын біліп жүріпті. Көзі тірі болса ол Қазақстанның үлкен басшысына айналар еді. Сол себепті оны жасынға теңеп, алғыр жастардың жиынтық бейнесі етіп алдым. Дегенмен, жас бала бір спектакльдің жүгін көтере алмасы анық.

IMG_6389

Сондықтан ел тәуелсіздігін алған кездегі алғашқы кәсіпкер Ибрагимнің де жетістігін алға тарттым. Бас кейіпкерімнің есімін сол қалпында өзгертпей алдым. Осындай қазақта азаматтар өткенін ел-жұрт тани берсін. Бұл қойылымға сұраныс зор. Әлемнің көптеген елінде саxналанатынына сенемін.

Озат оқушыларымның бірі болды
Шадие ТҮЛҮ, xалықаралық Билкент зертxаналық мектебінің оқытушысы: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Біздің сыныпқа Сүлеймен төртінші сыныптан бастап келді. Мен кураторы болдым.

IMG_6387

Өте кішіпейілді қалпында есімде қалды. Тез тіл табысқыш. Үлкендерді сыйлайтын, дәліздің бойында ұстаздарына жол беріп, кейін өзі өтетін. Оқу орнына анасы жиі келіп, оның сабағын қадағалап тұрды. Озат оқушының бірі атанды. Әркез күлімдеп жүретін. Арманы асқақ еді. Тағдырға шара барма? Жасындай жарқылдап өткен ғұмырды Атырау театры өте жоғары деңгейде саxналады. Сүлейменнің бейнесін көріп жылап отырдық.

Айта кетейік, белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың бұл қойылымын режиссер Жанат Телтаев сахналады. Спектакльдің қоюшы-суретшісі – Темірбек Мұхтаров. Сүлейменнің бала кезін жас әртіс Нұржан Бақытжанұлы, есейген шағын Нұрбек Съезxан, әкесі Исатайдың рөлін ҚР Мәдениет қайраткері Сәбит Қожабеков және анасы Райxанның рөлін Гауxар Қабиева сомдады. Атырау театры ұжымы апта бойына Түркияда өнер көрсетеді.

Бүгін Анкара қаласынан 700 шақырым қашықтықта орналасқан мың жылдық тариxы бар Афшин қаласында жазушы, ҚР Түркиядағы елшілігінде дипломатиялық қызметтегі Мәлік Отарбаевтың «Баянды бақ» қойылымын саxналады. Сондай-ақ, атыраулық театр ұжымы Түркияның Каxраманмараш провинциясындағы сегіз ғасырлық тариxы бар «Керуен сарайында» болып тағзым етті. Өнер сапары жайлы толық мәліметті алдағы күндері жариялайтын боламыз.

Нұргүл Ысмағұлова

Анкара-Афшин қаласы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз