Атырау театры батыстағы алғашқы академиялық театр атануы мүмкін

ЕАС 256 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Атырау облысына гастрольдік сапарының ашылуында айтты.

ЕАС 256

– Мұхтар Әуезов атындағы театр 90 жылдың үстінде қызмет атқарып келе жатыр, Махамбет атындағы театр келесі жылы 80 жылдығын тойлайды. Екі театр ағалы-інілі бауырлардай өнер жолындағы ұзақ сапарда қатарласып келе жатыр. …Біз өз тарапымыздан министрлікке Махамбет атындағы облыстық драма театрына “академиялық” атағын беру жөніндегі ұсынысымызды енгіздік. Ол қабыл болса, атыраулық театр ұжымы қазақ театрының қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы театрмен тәжірибе алмаса отырып көрермендерін қуанта түспек. Оған бар жағдай бар, – деді Нұрлан Ноғаев.

“Академиялық” статусын 1919 жылдан бері ірі, әрі сан жылдаған тарихы бар құрметті театрларға беру дәстүрге айналған. Қазақстанда бұл атақты алған театр қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға өседі, штатты көбейту мүмкіндігі де қарастырылған, сондай-ақ, репертуарға қатысты бірқатар міндеттер де болады. Ұсынысты Мәдениет және спорт министрлігі қабыл алса, атыраулық ұжым елдің батыс өңіріндегі алғашқы академиялық театр атанбақ.

ЕАС 336

Айта кетелік, “Әкемтеатрдың” Атырау өңіріне бұл жолғы сапары КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналып отыр. Республика көлемінде тойланған мерейтой осылайша Атырау жерінде жалғасын тапты.

ЕАС 346

“Абай” пьесасымен ашылған гастрольдік сапардың тұсаукесерінде сөз алған Асанәлі Әшімов Атырау жұртшылығының өнерге жақындығын тілге тиек етіп, облыс басшылығына қолдауы үшін алғыс айтты.

ЕАС 386

– Баяғыда Белинский қайғырған екен “апыр-ай орыстан жазушы шықпады-ау” деп. Сол кезде Гоголь мен Пушкин бар екен. Соны менсінбей тұр ғой. Қатарда жүреді, күнде қалжыңдасады. Сондай болады, өзі, тіршілікте. Кеткеннен кейін өкінеміз. Осы жағынан мен Нұрланға (Нұрлан Ноғаев – ред.) ризамын, осы халқы риза, өнер адамдары риза. Сіздердің ілтипатпен қарсы алғандарыңыз біздер үшін ең жоғарғы баға деп есептеймін. Осы өнерді жақсы көретін бір өңір болса, ол – осы өңір, – деді Асанәлі Әшімов.

ЕАС 613

Аймақ басшысы бұл жұмыстардың Елбасының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасының орындалуы аясында атқарылып жатқанын айтты.

ЕАС 295

Театр 7-21 қыркүйек аралығында облыс орталығы мен аудандарда өнер көрсетеді. Көрерменге «Абай», «Таңсұлу», «Жүз жылдық махаббат», «Бейбарыс Сұлтан», «Мөлдір махаббат», «Тендерге түскен келіншек», «Бақыт кілті», «Қоштасқым келмейді», «Ақтастағы Ахико» қойлымдары жол тартады. Сондай-ақ, ертең 9 қыркүйекте облыс орталығында Асанәлі Әшімовтің шығармашылық кеші өтпек.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Cуреттерді түсірген: Ерлан Алтыбай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз